Сурет-64. Нәтижелік басқару Жағдайды талдау төмендегідей мәселелерді қамтиды:
1)
Сапалы кадрлардың болуы.
2)
Оқушылардың дамуына психологиялық диагностика жасалуы.
3)
Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
4)
Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады: тәрбиелеу деңгейі; оқыту денгейі;
бәсекеге қабілетті креативті тұлға.
Қазақстанда орта білім беретін мектептің мақсаты оқу мерзімін ұзарта
отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар аясында оқушылардың
білімділігін, біліктілігін, өзгермелі, бәсекелік ортада табысты қызмет жасау
қабілеттілігін, өзін-өзі дамытуға және жүзеге асыруға бейімділігін
қалыптастыру, білім мазмұнын ізгілендіру, білім беру мен басқару тәсілдерін
жетілдіру, білім сапасын бағалаудың халықаралық стандарттары мен
нормаларына көшу, әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру болып
белгіленген.