241
Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні. Басқару
жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар.
Жалпы орта білім беру
құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын,
мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу
материалдарын бірдей бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды
көздейді.
Жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі
ұстанымдар негізінде ұйымдастырылуды көздейді:
- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің есепке алынуы;
- күтілетін нәтижелерге бағыттылығы;
- оқытудың сабақтастығы;
- әрбір оқыту сатысының даралығы.
Т.М.Баймолдаев
менеджмент
негізінде
мектеппен
басқарудың
қағидаттарын қарастыра отырып, олардың арасында төмендегілерді бөліп
көрсетеді:
1)
адамға деген құрмет және оған деген сенімділік;
2)
ынтымақтастық қағидаты, яғни басқаруды монологтік қарым-
қатынастан диалогтік қатынасқа ауыстыру;
3)
консенсус негізінде шешімді ұжымдық қабылдау қағидаты;
4)
мұғалімдердің мектепті басқаруға қатыстыру қағидаты;
5)
көлденең байланыстарды жүзеге асыру қағидаты және басқалары.
Жапондық сапа менеджментінің іргесін қалаушыларының бірі К.Исикава
сапалы басқарудың тиімділігі тек шеберлер мен жұмысшылардың тікелей
қатысуында қамтамасыз етіледі деп санайды, өйткені дәл осы жұмысшылар –
анық ақпарат тасымалдаушылар болады.
ҚР-ның білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджментті дамыту
болашағы ретінде білім беру мекемесімен басқаруға педагогті жұмылдырудың
маңыздылығын белгілей отырып, осы мекемеде жүргізілетін оқу-тәрбие
процесіне, оқушылардың танымдық, оқу, еңбек қызметіне қатысты педагогтің
тәжірибеге дейінгі міндеттеріне менеджер функциялары кіретін субъект
болады.
Л.М.Фридман оқушылардың оқуын, тәрбиесін және олардың қызметін
басқаруды жүзеге асыратын педагог қызметінің құрылымын қарастырғанда,
оның келесі элементтерін бөліп көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: