243
-
тақырыпты зерделеу жоспарын орындауда кейбір оқушылардың
олқылықтары мен түзетпелерін анықтау және осы олқылықтар мен түзетпелерді
жоюды ұйымдастыру.
Бақылау-бағалау кезеңіне, сондай-ақ педагогтің
өз білім алушыларының
және басқарушы әдеттері рефлексиясының міндетті құрауышысы ретінде
олардың тиімділігін бағалау және бұрын алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерге сәйкес қажетті түзетуді енгізу қажет.
Педагог қызметінің осы талдауы нақты әрекеттерде педагогтің білім беру
мекемесіндегі оқу-тәрбие процесін басқару бойынша педагогтің жоспарлау,
ұйымдастыру, уәждеу, бақылау сияқты барлық функцияларын ашады.
Л.М.Фридман барлық қалған түрлер үшін өзекті болатын оқушылар және
сынып
оқу ұжымдарының тұлғасын, олардың даму мониторингісін зерделеу
сияқты мұғалім жұмысының тағы да бір түрін маңызды деп санайды. Ол қандай
да бір оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер жеке әрекет ете алатынын
ескертеді. Сонда әр мұғалім жүйесіз, ынтасы, қабілеттері мен сезгіштік
шамасына қарай оқушыларды және сынып ұжымын зерделейді. Осы себепті,
мұғалім оқушыларды толық білмегендіктен
балалармен дұрыс, адамгершілік,
парасатты қарым-қатынас құра алмайды.
Т.Н.Банщикова,
С.В.Путеева
педагогтың
басқарушы
қызметінің
құрылымында келесі функцияларды бөледі:
-
болжау;
-
жобалау;
-
оқу-педагогикалық жағдаяттарды шешу;
-
оларды бақылау және бағалау.
Білім беру процесінің рефлексивтік басқару технологиясы өзіне
оқытудың инновациялық технологиялары бойынша проблеманы алға қоюын,
оны шешу бойынша гипотезаларды айтуын,
келешектегі жұмыс жоспарын
құруды, оқу әрекеттерді анықтауын, орындауы мен түзетуін, өзара бағалауды,
өзін-өзі бағалауды, сонымен бірге, педагогпен
қатар білім алу шыныңда,
танымдық қызметіне және басқару кезеңдеріне рефлексиясын мен кейінгі
түзетуін енгізеді (65-сурет).
С.И.Солонин, С.В.Кортов жоғары білім жүйесіне қатысты оқу процесін
жүргізу уақытына қарай оқытушы оқушыларды тиімді және мақсатты топ –
жұмыс командасына айналдыратын менеджер болады. Бұл үшін оның
өкілеттілігінде менеджмент құралдары кіреді: мақсаттарды анықтау және
оларға жетуді жоспарлау;
қызметті ұйымдастыру; жұмылдыру мен уәждеу;
бақылау; нәтижелерді бағалау және түзету әрекеттері.
Коммуникация (оқушылармен ақпарат алмасу) және шешімдерді
қабылдау, сондай-ақ, бүкіл басқарушы қызметтің стилі, адамдарға –
оқушыларға әсер ету тәсілдері сияқты байланыстыру
процестерін де осында
жатқызуға болады. Оқытушы – өз ісінің маманы және білім беру процесінің
тиімді менеджері.
Оқытушылардың қызметі мен тәртібін жүйелі үлгілейтін деңгей
оқытушының барлық басқарушы әрекеттері білім алушының тұлғасында
244
тоғыстырылғанда, оқытушы оқу пәнін білім алушының шығармашылық
тұлғасын кәсіби және тұлғалық өзін-өзі танытуға
қабілетті дамыту процесімен
басқару құралына айналдырғанда шығармашылық жоғары шеберлігіне сәйкес
келеді. Білім алушы басқару субъектісінің ұстанымын белсендірек ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: