250
12 жылдық мерзіммен оқытатын тәрбие беру мазмұндағы әрбір
оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген нәтижелер түріндегі құзіреттіліктер
жиынтығы түзіледі. Ол құзыреттіліктер:
-
мәселені шешу құзыреттілігі;
-
ақпараттылық құзыреттілік;
-
коммункативтік құзыреттілік.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер осы тұрғыда болу
керек. 12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру
процесін реттеу мен әлеуметтік рөлін игеруге ықпал жасайды. Тұлғаны
әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты
игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз
мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты
адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында
ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра
алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылық бағдарлы тәрбиенің
маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: