Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған
мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат,
шығармашылық жатады.
Құндылықтар – тек обьективті, яғни шынайы бола алады.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады.
Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.
Білім берудегі құндылық бағдар – сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде
сүйену. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты
педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да
мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру
көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады.
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар:
-
тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық
көзқарас қалыптастыру;
-
педагогикалық процес барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді
педагогикалық түсінік негізінде игеру;
-
тәрбие процесінің мазмұнын анықтауда адамдар үшін өмірге лайықты
құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті – адамның дүниеге
қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау.
-
баланың бүкіл өмірін тәрбиелік процеске айналдыру;
-
баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде
анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру.
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту,
өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын жасай білу;
ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-
әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.