Сурет-66. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға
жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға
жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербальсыз қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз
қарым қатынас.
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы
оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық
көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика –
қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің,
аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан
көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы
көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып
тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі
көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге
болады.