К. Д. Бузаубакова


Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым-



Pdf көрінісі
бет357/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым-
қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. 
Жалпы этикалық принциптері және іскерлік қарым-қатынас сипаты.
Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми- 
бейресми қарым-қатынас түрлері. 
Менеджердің басқару құзырлығы оның
құқықтық, экономикалық, психологиялық және педагогикалық сауаттылығын 
анықтайды.
 
Вербальды 
қарым-
қатынас
Вербальсыз 
қарым-
катынас
Интерактивті 
қарым-
қатынас
Перцептивті 
қарым-
қатынас


255 
Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей 
параметрлерді жетілдіреді:
-
басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді 
үйлестіру; 
-
ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға 
қатыстыру; 
-
ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту; 
-
басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру; 
-
ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық; 
-
ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру. 
Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің
тиімділігін анықтайды. 
ХХ ғасырда атақты экономист Н.А.Витке: «Басшы – үкімін жүргізуші
емес, ол психологиялық қарым-қатынасының координаторы, әлеуметтік
құрылысшы, адамдардың күш-жігерін жинақтаушы» – деп, атап көрсетті. 
Менеджмент негізінде басқару алдына төмендегідей міндеттер қояды: 
-
біріккен іс-әрекетке адамдарды жұмылдыру; 
-
адамдардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, тиімділігін
арттыру және әлсіз жақтарын табу; 
-
ұжымның әрбір мүшесінің ұсынысын қанағаттандыру және оған
қолайлы жағдай тудыру; 
-
ұжымның әрбір мүшесінің кәсіби өсуіне толық жағдай жасау; 
-
ұжымның әрбір мүшесі өз іс-әрекетін өзі бақылай алатындай өзіндік 
жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру; 
-
ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу; 
-
алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау, соңғы күтілетін 
нәтижені білу; 
-
ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету, бұл міндеттерді 
орындаудың операцияларын жете білу; 
-
мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау; 
-
істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді 
анықтау; 
-
жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әрқайсысының міндеттері мен 
жауапкершіліктерін анықтау; 
-
жұмысты орындаушыларды жұмысты бастар алдында, жұмыс 
барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген 
сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру. 
Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет. 
Адамдарды 
басқару 
ғылыми 
іс-тәжірибесі 
көрсеткендей, 
адами 
орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға 
деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет