Денсаулық сақтау құндылығы. Денсаулық сақтауға құнды бағдар
дегеніміз – ол адамның әрдайым түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен мен іс-
әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы.
Ол құндылықтар:
- адамгершілік құндылықтарды сіңіру;
- зиянды әрекеттерден аулақ болу;
- дене еңбегімен сақтану;
- күн тәртібінің болуы;
- тамақтану тәртібін қадағалау;
- өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- салауатты өмір салтын ұстану.
Мәдени қалыптарға құндылық. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық
қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениеті, экология мәдениеті, еңбек
ету, экономикалық мәдениеті, құқықтық, рухани, адамгершілік арқылы
тәрбиелеу жатады.
Әлеуметтік қатынасқа көзқарас. Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа
құндылық бағдар қалыптастыру – бала тәрбиесі үшін аса маңызды
құндылық. Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлау,
қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз
құқығын білу, қорғау – осы құндылық арқылы жүзеге асады.
Тәрбиелік қолдануда төмендегідей технологиялар қолданылады:
-
Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы.
-
Ойын технологиясы.
-
Құрастыру технологиясы.
-
Жобалау технологиясы.
-
Еркін даму технологиясы.
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Іс-әрекеттің
кез келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер арқылы
жеке тұлғаны дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады. Бұл ретте, сынып
252
жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын
үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы болып табылады.