258
Басшының мәдениеті өзіне олар атқаратын күрделі және алуан түрлі
қызметтер жиынтығын бейнелейтін әртүрлі сипаттамалардың бүтін бір
спектрін енгізеді. Жалпы орта білім беретін мектептерде, колледждерде немесе
жоғары оқу орындарында гуманистік мақсаттар мен оларға сәйкес келетін
міндеттердің жариялануы, азаматтық қасиеттерді және жоғары адамгершілік
идеалдарды қалыптастыруға бағытталған жұмыс жоспарлары жасалуы мүмкін.
Алайда басқаларды сыйламау, олардың жеке ар-намысын менсінбеушілік,
дөрекілік, өзімшілдік (оның ішінде топтық) және т.б. сияқты педагогикалық
ұжымдарда байқалатын жағдайлар, өкінішке орай, тек көптеген оқушылардың
арасында ғана емес, сол сияқты қызметкерлердің өздерінде де жиі қалыпты
жағдай ретінде қабылданады.
Осының салдарынан, басшының адамгершілік қасиеттері, ол басқару
қызметтерін жүргізе отырып басшылыққа алатын моралдық нормалары мен
ережелері өзіндік әкімшілік құзыреттілікке ие болуға қарағанда, аз рөлді емес,
анағұрлым үлкен рөлді атқарады.
68-суретте мұғалімнің кәсіби мәдениетінің мәні ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: