бала тұлғасы;
жеке
тұлғаның дамуы;
бала тәрбиесі;
баланың әлеуметтік қорғалуы;
баланың құқығы
мен абыройын қолдау (67-сурет).
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: ізгілікті педагогикалық
көзқарас; педагогтың тұлғалық қасиеттері; мұғалімнің теориялық білімі мен
шығармашылық ойлауы; кәсіби іс-әрекет мәдениеті; шығармашылық әрекет
тәжірибесі.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әрқилы құрылым және бағыттарда
болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының
отырыстары, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық
конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай
сауаттандыру және т.б. Сонымен, мектепті басқаруды ұйымдастырудағы
маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп,
әрекетшілдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір
басшының жіті білуі.