Кешенді бақылау
– бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына,
бір топ мұғалім немесе мектептегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты
жүргізілетін бақылау.
Коммуникация
– жақсы координациялық жұмысты жүргізу үшін
басқару қызметінде ақпаратты алу, өңдеу және жеткізу барысындағы іс-
әрекеттер жүйесі.
Координация
– процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз
ететін басқару функциясы. Координациялаудың басты мақсаты – тиімді
байланысты орнату арқылы мекеменің барлық бөлімдерінде өзара
келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету.
Көшбасшы (
ағылшынның LEAD (лидер) – артынан ерту, іліктіру) –
болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының
идеясы бар жаңашыл адам.
Креативті мұғалім
– өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан
негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған
ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер, шығармашыл мұғалім.
Достарыңызбен бөлісу: |