К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет455/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Педагогикалық процесс
– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, 
тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін 
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. 
Педагогикалық процесс
– өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай 
алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі. 
Педагогикалық 
процесс
– үлкендердің мақсатты, мазмұнды, 
ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің 
басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-
өзі өзгертуі. 
Педагогикалық процесті басқару
– қойылған мақсатқа сәйкес шешім 
қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған 
ақпараттарды талдау және қорытындылау. 
Педагогикалық процестің «оқушылар отбасының әлеуметтік-
психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері 
– отбасы құрамы 
(толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы; 
толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің 
қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз қалауымен, өз 
бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет