Педагогикалық процесс
– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,
тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы.
Педагогикалық процесс
– өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай
алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі.
Педагогикалық
процесс
– үлкендердің мақсатты, мазмұнды,
ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің
басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-
өзі өзгертуі.
Педагогикалық процесті басқару
– қойылған мақсатқа сәйкес шешім
қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған
ақпараттарды талдау және қорытындылау.
Педагогикалық процестің «оқушылар отбасының әлеуметтік-
психологиялық портреті» сипаттамасының көрсеткіштері
– отбасы құрамы
(толық, толық емес); ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы;
толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы; сыныптың, мектептің
қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы; өз қалауымен, өз
бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.
Достарыңызбен бөлісу: |