Студенттердің педагогика бойынша теориялық білімдерін байыту;
Болашақ оқытушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру;
Білім беру жүйесін ғылыми ұйымдастыруға дағдыландыру.
ГЛОСАРИЙ
Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.
Академиялық қабілеттілік – сәйкес білім салысындағы қабілеттілік. Мұндай қабілеті бар мұғалім өз пәнін тек оқу курсына сай деңгейде меңгеріп қоймай, оны кең және терең деңгейде игеріп, бұл ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерден әрдайым хабардар болад, материалды жете және еркін меңгеріп, үлкен ықылас көрсетеді, аз да болса ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Авторитарлық қабілеттілік – оқушыларға эмоция, жігер арқылы әсер етіп, оларды өз еркіне бағындыра білу, осылай олардың алдында беделге жету қабілеті. Бұл қабылет оқытушының жеке басына тән көптеген қасиеттерінің жиынтығына байланысты, соның ішінде ұстамдылық, батылдық, табандылық, оқу және тәрбие барысына деген жауапкершілік, өз іс-әрекетінің дұрыс екендігіне толық сенімділік және осы сенімділікті оқушыларға да жеткізе білу сияқтыларды атап өтуге болады.
Әдіснама ( методология ) – ( гр. мetһodos- зерттеу немесе таным жолы, теория, білім және logos – сөз, түсінік ): 1) теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім; 3) қандайда бір ғылымда қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Басқару- белгілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топтың, ұжымның, ұйымның және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету. Яғни, шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады.
Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады.
Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Оның негізгі белгілері: