Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогика әдіснамасы.
Қай ғылым болмасын өзіндік категорияларымен негізделеді. Сол сияқты педагогиканың категорияларына оқыту, тәрбиелеу, білім беру педагогикалық процесс ұғымдарын жатқызамыз. Тәрбие оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық процесс ретінде түсіндіріледі. Алайда, бұл оның кәсіби-қызмет тұрғысында ғана қамтылған. Тәрбие кең мағынада – қоғамдық өмірдің өшпейтін, мәңгі категориясы. Қоғамдық-тарихи қарым-қатынастың сипаттамасы тәрбие бағыттылығы мен мазмұнында көрінеді, оның ұйымдастыру формасына әсер етеді.
Білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – педагогикалық процесті регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәредемімен тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиеннің бір бөлігі.
Оқыту маңызды және ұйымдастыру қарым-қатынаста нормативті жарлықтармен белгіленеді.
Сонымен, педагогика ғылымының пәнінен құралатын әлеуметтік атау, білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономикалық және саяси құрлысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе(В. А. Сластенин).
Білім беру – педагогикалық категория ретінде (категория – болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі. Бұл ұғымға толығырақ тоқталып өтелік. Педагогикалық контексте бұл түсінік тұлғаның қалыптасуында көрінетін оның дүниетанымы, адамгершілік бейнесі, эстетикалық талғамы, ерік және физикалық сапа жақтарын білдіреді.
В.Ф.Сидоренко білім беру ұғымын қазіргі кездегі концепциялардың ішінде кең және метафорлы (ауыспалы) анықтаған. Ол білім беру мен мәдениетті аналогия (ұқсастығына қарай) бойынша кең дем алу яғни біріккен, ритмикалық іс-әрекет ретіндегі дем алу және дем шығару арқылы ассоциациялайды (оймен байланыстырады). Білім беру өзіне-мәдениет бейнесі, ал мәдениет үшін ол-мәдениет жайлы білім, анығырақ, оны білім беру арқылы ұдайы өндіру, ал социум үшін білім беру- оған оңай. Педагогика ғылымында білім беру - қоғамды басқаруға бағытталған, нақты біртұтас педагогикалық процесс деп түсіндіріледі. Ал, педагогикалық процесс-білім берудің зерттеу пәні болып табылады.
Педагогикалық процесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне қозғалысы. Кез-келген процесс – біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу, педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады.