«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ 3 Тақырып. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі



бет6/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

2 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ 3 Тақырып. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі

  • Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогикалық теория дамуының әлеуметтік – экономикалық факторлары
  • Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шыныныда да, әр ғылым саласы өз тарихына , зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
  • Бұл тұрғыдан көпке мәлім «Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе түсінерсіңң - деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн.
  • Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды жадтан шығармау лазым:
  • Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігіннен дамып, қалыптасады.
  • Адамзат білімнің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежиге көтерілуі үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеуі аймағы бөлініп, нақтылануы қажет.
  • Осы тұрғыдан алып қарасақ, педагогиканың жәйі қалай? Оның ғылым ретінде пайда болып, дамуының себептері неде? Оның жалпы заттық дүниемен білім жүйесіндегі орны қандай?
  • Адамзат дамуының барысында білімдендіру педагогикасының саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Педагогикалық білім дамып келе жатқан әлеуетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу- тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әлеуетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрапққа өткізуді мақсат – мүддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан еңген әрбір адамның өз ата – бабаларының өндірістік әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамыды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулеттке жеткізіп отырау, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғы шарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден –ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет