Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс:
қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;
жғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді;
апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды;
мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т.б.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымда ҚР Конституциясына, "Білім туралы" ҚР Заңына, "Қазақстан - 2030" стратегиясына, "Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына","Білім" Мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзлік крнференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің , Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтыр туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференциясының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әлі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.