«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі



бет2/53
Дата24.11.2023
өлшемі2,36 Mb.
#193409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ПВШ краткий конс-т лек

жалғасы

  • Білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономикалық және саяси құрлысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе (В. А. Сластенин).
  • Білім беру – педагогикалық категория ретінде (категория – болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі.
  • Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады.
  • Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі.
  • Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады.
  • Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.
  • Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушыларға анық та, түсінікті жеткізе білу, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығуын туғызу, өз бетімен белсенді ой туғызуға тарту қабілеті. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім, керек болған жағдайда, оқу материалының құрамын түрлендіріп мақсатқа, ахуалға сай жатықтырып ала алады.
  • Диалектикалық материализм – қозғалыстың, табиғат дамуының , қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдылықтары туралы философиялық ілім деалектикалық материализмнің негізгі ойы материа бірінші, ал сана екінші дегенге алып келеді.
  • Кәсіби педагогикалық мәдеинет – бұл арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс – тәсілдерін итеру деңгейі. Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сферасындағы жалпы мәдениеттің спецификалық проектілеу функциясын атқарады.
  • Коммуникативті қабілеттілік – оқушыларға дұрыс жол таба білу, олармен педагогикалық тұрғысынан дұрыс қарым-қатынас орната алу, педагогикалық такттың болуы қабілеті.
  • Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласу дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдар деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды.
  • Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы.
  • Кредит ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр.
  • Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.
  • Мәселелік оқыту - оқушы оқыту процесінде мәселелерді шешуге ұмтылатын оқытуды айтамыз. Ол қазір ақыл-ой күштерінің, таным белсенділігінің, шығармашылық ойдың өздігінше дамуы сияқты күрделі тапсырмаларды шешудің бір тәсілі ретінде қарастырылады.
  • Мәселелік оқыту – бұл жаңа педагогикалық құбылыс емес. Мәселелік оқытудың элементтерін сократтық эвристикалық әңгімелесулердің өзінде көруге болады. Мәселелік оқытудың негізгі басты ұғымы «мәселелік жағдай» болып табылады.
  • Мәселелік жағдай (немесе мәселелік жағдаят) – қандайда бір қажетті іс-әрекетті жасау немесе бір нәрсені ұғыну үшін білімнің немесе белгілі әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі пайда болғанда туындайды, яғни білім мен білімсіздік арасында қарама-қайшылық орын алады.
  • Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.
  • Неотомизм - әлем екі жақты, рухани және материалдық әлемнен тұрады дейтін ілім. Рухани дүние мейрімді және бай болғандықтан оның құндылығы жоғары. Ол мәңгі өмір үшін жаралған Құдай әлемі. Неотимистердің пікірі бойынша Ғылым эмпирикалық мәліметтерді жинайды, бірақ ол құдаймен анықталған дүниенің мәнін ашуға қабілетсіз.
  • Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады.
  • Семинар – латын тілінен енген (semіnarіum)- білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным процесінде жанданады. Ежелгі Грецияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс , оқытушы мәліметімен, қорытындысы түрінде пайда болды, Ортағасырларда университеттерде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар дисппут түрін жүргізді. XVІІ ғасырларда Батыс Европада қолдана бастады.
  • Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.
  • Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Студенттің өзіндік жұмысы логикалық ойлауды дамытуды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.
  • Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.
  • Тәрбие - оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық процесс ретінде түсіндіріледі.
  • Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі.
  • Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс.
  • Тәрбиелеу заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.
  • Тәрбиелеу принциптері – студенттерді тәрбиелеу үрдісін, оның бағытын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формаларын анықтайтын негізгі, бастапқы қағидалар, идеялар.
  • Тұлғаның білімділігітұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама.
  • Оқыту – педагогикалық процесті регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәредемімен тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиеннің бір бөлігі.
  • Оқыту технологиясы – екі қабатты түсінік, оның ішкі қабатына - оқу пәндерінің мазмұны кіреді, ал сыртқы қабатына - оқу үрдісіндегі мазмұндардың таратылу формасы жатады.
  • Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеденнегізгі айырмашылығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
  • Өзін-өзі басқару - адамның белгілі мақсатқа бағытталған өзіндік сапасын жетілдіру арқылы әрекетінің жеке даралық қызметін ұйымдастыру жүйесі.
  • Ғылымның әдіснамасы: талдау обьектісі мен пәнінің талдауларына, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипаттама береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесіндегі кезең, іс-әрекеттің жүйелілігі туралы түсінікті қалыптастырады.
  • Экзистенциолизм немесе тіршілік ету философиясы , адамда дүниеде өз болмысын кешу. Экзистенциализмнің негізгі түсінігі – тіршілік ету (экзистенция)- өз МЕН - не толық енген адамның жеке болмысы.
  • Педагогикалық процесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне қозғалысы. Кез-келген процесс – біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу, педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады.
  • Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл педагогикалық болмысты құруда таным процесіндегі формалар, әдіс-тәсілдер, принциптер туралы ілім.
  • Позитивизм – тек табиғи ғылымдар мен сандық тәсілдер көмегімен алынғанды ғана дұрыс деп есептейтін ілім позитивистер қоғамның дамуымен , әлеуметтік қайшылықтармен қоғамдық білімді мифологияға жатқызады, ғылым деп тек математиканы және жаратылыстануды есептейді.
  • Прагматизм – ғылымның, техниканың, өндірістің тез дамуы абсолютті идеализмнің негізін үзуге байланысты пайда болған философиялық ағым.
  • Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды.
  • Педагогикалық іс-әрекет- мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
  • Перцептивті қабілеттілік – оқушының ішкі жан дүниесіне ене білу, оқушының жеке басын және уақытша психикалық жағдайын дәл түсіну – психологиялық байқампаздық қабілеті.
  • Педагогикалық эксперимент - педагогикалық процесске өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтежесін өлшеу саны.
  • Педагогикалық процесс – тәлім – тәрбиелік қарым – қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог . Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе . Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
  • Педагогикалық жобалау- оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады.
  • Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы.
  • Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу.
  • Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы.
  • Ұйымдастырушылық қабілеттілік – бұл ұжымды ұйымдастыра, біріктіре білу қабілеті. Бұл өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу. Тәжірибелі мұғалімдерді өзіндік уақытты сезіну – жұмысты сол уақытқа сай ұйқастыру қабілеті дамиды.
  • Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу.
  • Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше.
  • Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу ( математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық консилиум ); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы эксперимент, көлемді енгізу)
  • Инновация- латынның жаңакөзқарас, жаңашылдық , жаңалық ендіру деген ұғымынан туындаған.
  • Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.

1 БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 1 МОДУЛЬ.ЖАҢА ЭТАПТАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП 1 дәріс Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар.

  • Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны
  • Біз неге педагогиканы оқимыз?
  • Біріншіден қазіргі қоғамда нағыз кәсіби маман деп өмір бойы өзіндік ілім алуға қабілетті, яғни өзін-өзі оқыта алатын, өзін-өзі білімдендіре алатын адамды айтамыз.
  • Екіншіден магистратурада оқу барысында болашақ ЖМ, колледж оқытушылары даярланады, сондықтанда олардың жоғары кәсіби-педагогикалық мәдениеті қалыптастырылуы тиіс.
  • Үшіншіден, «адам-адамң жүйесінде қызмет ететін адамдардың барлығы педагогикалық, тіпті ағартушылық функцияны атқарады. (Отбасынан бастап, барлық қызметтте: заңгер, экономист, техник, медик, журналист, саясаттанушы, психолог т.б.)
  • Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық қоғам дамуының қозғаушы күшінің бірі де білім болып отыр, тіпті қарапайым тұрғыдан қоғамның дамуын қадағалау үшін еліміздің, шетелдің білім беру жүйесі туралы мағлұматымыз болуы тиіс.
  • Бесіншіден, «педагогикаң ғылымы өзіндік ауқымды, бай тәжірибе жинақтаған, ол қазіргі ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, оны білу үшін алғашқы педагогикалық білімді игеру керек.
  • Алтыншыдан, сапалы білім алу барысында қоятын талаптарды білу үшін, әркім білім беру жүйесін толық түсінуі тиіс.

Білім берудің парадигмалары және нормативтік құжаттары

  • "Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар:
  • Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма).
  • Феноменологиялық (гуманистік парадигма).
  • Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық).
  • Технократиялық.
  • Эзотериялық парадигма.
  • Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.
  • 1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі.
  • 2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады.
  • 3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады.
  • Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады.
  • Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады.
  • Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады.
  • Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет