48
1)
Дидактикалық жүйе
: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
– сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстары; міндетті және факультатив
дәрістер.
2)
Тәрбиелік жүйе:
сыныптан тыс және мектептен тыс
тәрбие жұмыстары; отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі.
3)
Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі
өзіндік басқару жүйесі:
оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
4)
Мектептің
әкімшілік
жүйесі
:
оқу
процесін
басқару;
тәрбие жұмыстарына жетекшілік; әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.
Тәжірибе көрсеткендей, орта білім беру мекемелерінде білім беруді
басқару сапасының төмен болу себебі – жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы
жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық
туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері
жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық
процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық
арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде
мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективті
заңдылықтарын тануға негізделген және оған қатысушылардың мақсатты,
саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны
басқарудағы өзара әсерлесуі: педагогикалық талдау, мақсат қою және
жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету және т.б.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі. Оның
атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің
типтік ережелерінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: