Футболшының шеберлік шыңына жетуі ҥшін ең алдымен денсаулығы,
дене шынықтыру мҥмкіншілігі, тәртібі моральдық жағынан жоғары болуы
шарт.
Футболшыларды оқыту жене жаттықтыру процесінде мынандай
міндеттер қойылады:
а) Қозғалыс және дағды мҥмкіншілігін арттыру жолдары;
б) Ағзаның функдионапдык /қызметтік/ мҥмкіншілігін арттыру /дем
алу, жҥрек, ішкі қҧрылыс жҥйелері/;
в) Спортшының жҧмыскерлік қабілетін сақтау жӛне арттыру;
г) Спорттағы арнайы білімін арттыру гигиеналық және ӛзіндік бакылау
тәсілдемелерін ҥйрету;
д) Футболшыны жҧмыс қабілетіне, сана сезімге, белсенділікке және
тәртіптілікке тәрбиелеу.
Осы айтылған міндеттерді жаттығу процесінде біртіндеп шешсе, адам
ағзасында ҥлкен мҥмкіндіктің ашылуына ықпал етеді. Футболды оқыту -
жаттығу процессіндегі шеберлігін жылдан-жылға арттыру ҥшін ең аддымен
ғылыми-педагогикалық принциптерді сақтау керек, оның негізгі заңдарын
және осы принциптерді іс жҥзінде қалай пайдаланудың жолдарын білген
дҧрыс.