кең таралған түрі болып саналады. Олар біржылдық және
көпжылдық өсімдіктерден құрылуы мүмкін. Топтап отырғызудың
өлшемі мен пішінін сол жердің иесі өз қалауымен және
талғамымен өзгерте алады. Сонымен бірге бақтың аумағын және
сол жердегі сәндік және архитектуралық формасын білу керек.
Топтар құрамына байланысты екі түрге бөлінеді. Егер топтап
отырғызуда екпенің бір түрі бар болса, онда ол жәй деп аталып,
аумаққа біртүсті жолақ береді. Аралас топтар гүлдеу уақыты
әртүрлі, екі түрден тұратын өсімдіктерден тұрады. Көп бөлігі жуа
тәрізді және кеш гүлдейтін өсімдіктерден тұрады. Топтап
отырғызуда биік емес, көпжылдық және гүлдейтін бұталы
өсімдіктер жақсы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: