лалагүл, түрлі түсті нимфеяларды) өсіруге болады. Ол гүлдерді
батпақ топырағы салынған бетон жәшіктерге немесе себеттерге
отырғызады.
Бақтың ішінде бұлақ ағып тұрса, тіпті жақсы. Ландшафтық
дизайнға: су бойына төселген
тар тақта жолдар кіреді, олар су
айдынының еркін пішінін айқындайды; су
жағасында жасанды
құм жағажай жасауға болады; кіші-гірім су бөгеттерін орнатып,
құламалар мен сарқырамалар жасауға болады. Гүлді өсімдіктерді
(гемерокалис, монарда, таушымылдық, қызғалдақ) және
жапырақты
бұталарды топтастыру жолымен, папоротниктерді,
аласа аршаларды отырғызу арқылы пейзажды әдемілеп әрлеуге
болады. Бақтың
көлеміне сыйған жағдайда, шағын талдар мен
шыршаларды отырғызуға да болады. Әдетте кіші бақта
субұрқақтар
басқа өсімдіктермен әрлемей, газонға немесе төсемге
орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: