Гүлмен сәндеу
кіші бақтың ландшафтық дизайнында
маңызды рөл атқарады. Гүлдер бақтың жақыннан жақсы
көрінетін
маңызды
бөлшегі
болып
табылады.
Гүл
композицияларының негізгі фоны газон мен ағаш-бұта
өсімдіктерінің топтары болып табылады, ондағы күрделі
өрнектер немесе еркін отырғызылған гүлдер орасан зор әсер
береді. Кіші бақта көбінесе біржылдық және көпжылдық
гүлдерден құралатын гүлзарлар мен рабаткалар, көпжылдық
өсімдіктерден құралатын аралас бордюрлар, рокарий және
монобақ түрінде арнайы жасалған бақ құрылғыларына салынған
гүл топтары қолданылады.
Ені 1 м дейін келетін
рабатка жолағы
көбінесе гүлді
өсімдіктердің (агератум, барқытгүл, сальвия (шыбынсалы),
қызғалдақ, кілемгүл, раушан т.с.с.) бір не бірнеше түрінен
құралады.
Оларды
жолдардың,
саяжолдардың
жиегіне
отырғызған жөн.
|