Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет83/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92
төбел 
(пятна) 
түрінде орналасады. Ондай композицияларды жасаған 
кезде фонды (мәңгіжасыл ағаштар мен шөптесіндер), гүлдердің 
гүлдейтін кезеңін (ерте көктем, көктем, жаз, күз), гүл 
төбелдерінің көлемін (0,5-3 ш.м.), түстердің үйлесімділігін және 
көретін жерден қашықтығын ескеру қажет. Мысалы, ерте 
көктемде гүлдейтін крокустар композициясының көрсеткіштері 
мынадай болуы мүмкін: фоны – арша, шырша, бір топ тас; түстер 
үйлесімділігі – 3 бөлігі күлгін-көк, 1 бөлігі – алтын-сары түсті; 
төбелдердің көлемі – 0,5-1 ш.м.; көретін жерден қашықтығы – 3-5 
м (2-сурет).
Кіші бақта бір өсімдік өсетін монобақтардың (раушан, 
жұпаргүл, қызғалдақ т.б.) орны ерекше болады. Розарийлерге 
геометриялық бөліністер тән. Раушан бағына ешқандай жаздық 
не көпжылдық гүлдерді қосуға болмайды. Бұл композиция көзбен 
көріп тамашалау және хош иісін иіскеп рахаттану үшін барынша 
жақын орналастырылады. Розарийді өсімдіктің өз түр-түстерін 
әртүрлі етіп, және газон фонымен үйлестіріп, шағын ғана 
тазаколлерлы бөліктермен жасаған жөн. Раушан гүлінің 
әралуандығы мен ассортиментін (бұталы, штамбты, өрмелі, 
шырмауық, 
ремонтанттық, 
полианттық 
т.с.с.) 
кеңінен 
пайдаланған дұрыс. Оларды пішіні, биіктігі және түсі бойынша 
үйлістірілуі тиіс (3-сурет). Жұпаргүл бағы еркін-ландшафтық 
түрде жоспарлануы тиіс.


Аумақтың теңгерімінде бақтың көп бөлігін 60-70 пайызын 
жасыл желек пен газондар алуы тиіс. Ландшафтық дизайн 
сызбаларында шартты белгілер, өсімдіктердің ұсынылатын 
ассортименті және саны көрсетіледі (4-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет