61
олардың практикада және әртүрлі құрылғыларда қолданылуын зерделейді.
Олар Ом заңы және Кирхгоф заңдары сияқты математикалық құралдарды
қолдану арқылы баламалық құрылғылар макеттерін жасайды.
«
Криптология
»
–
бұл құпия хатын жасау үшін кодтар мен шифрларды
зерделейтін ғылым. Математиканың аталған курсында оқушылар құпия хатты
жазу үшін әртүрлі бастауыш білім беру әдістерін зерделеуден бастайды:
дөңгелек шифрлары, Цезарьдың өтуі, моноалфавиттік ауысым, Винжер шифры
және т.б.
Ауқымы тар бейіндегі тақырыптарды оқу қарастырылған элективті
курстарды жүргізу кезінде, оқушыларда оларды оқығаннан кейін зерттеулер
мен жаңа ғылыми жобалардың әзірленуіне алып келетін идеялар мен сұрақтар
пайда болады.
Осылай, мысалы, Қарағанды қаласындағы тікелей эксперименталды және
клиникалық фармакология зертханаларындағы «Фитохимия» элективті
курстарында оқушылар өсімдіктердің эндемиялық және дәрі-дәрмектік
түрлерінің биотехникалық сақтау тәсілдерін зерделеді, «Фитостероидтер»,
«Өсімдіктердің алкалоидтері мен оларды химиялық зерттеу» және т.б.
тақырыптарда практиканы жүзеге асыратын ғалымдардың дәрістерін тыңдады.
Кейінен, кейбір оқушылар химиялық қоспаларсыз, барынша өсімдік
компонентін сақтайтын тамақ өнімі мен жуу құралдарын өңдеу бойынша
зерттеулермен айналысты.
Назарбаев Зияткерлік мектептері элективті курстар мазмұнын жетілдіруді,
оқушыларды жаратылыстану-ғылыми бағыттағы үлкен мұражайлардың құнды
материалдарына және еліміздегі және шетелдегі оқу орындарының үздік
зертханалары базасына негізделген жан-жақты зерттеулерді тарту мақсатында
курстарды ұйымдастыруды жоспарлайды [22].
Сонымен қатар
Достарыңызбен бөлісу: