25
жүзбеқанаттары құстың қанаттары сияқты. Ол судың ішінде ұшып
жүреді.
Ғалымдар теңіз тасбақалары өздерінің бағытын мұхит арқылы
қалай табатынын əлі де зерттеуде. Олардың ойынша, тасбақалар Жердің
магниттік алаңындағы өзгерістерді сезе алады. Бұл тасбақаларға бағыт
картасын жасауға көмектеседі. Олардың еске сақтау қабілеті химиялық
заттарды табуға немесе судың ішіндегі иістерді сезуге көмектеседі.
Туған жеріне оралғаннан кейін ол өзінің сыңарын табады. Бірнеше
апта өткен соң, ол қараңғы батқанша күтіп, содан кейін жағалауға
көтеріледі. Ол қараңғы батқаннан кейін шығады.
Келер буын
Судан шыққаннан кейін ол құрғақ жерге жету үшін бар күшін
салады. Ол үлкен толқындар жұмыртқаларын шайып кетпейтін жерге
жорғалайды. Алдыңғы жүзу қанатшаларын пайдаланып үлкен шұңқыр
қазады. Бұл оның болашақ ұясы болады. Артқы жүзу қанатшаларының
көмегімен ол шұңқырдың ішінен тағы кішірек шұңқыр қазады.
Екі сағат қызу жұмыстан кейін, ол шұңқырдың ішіндегі кіші, терең
шұңқырға 100-ден аса жұмыртқа салады. Əрі олардың үстіне құмды
тығыздайды. Содан кейін ұяның ішін толығымен құмға толтырады.
Келесі екі айдың көлемінде ол тағы да үш ұя қазып, олардың ішіне
жұмыртқаларын салады. Екі айдан кейін жас тасбақалар қабықшаларын
жарып шығып, өздерінің жеке саяхаттарын бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: