Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата26.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#133457
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Пирлс

 
1.3.
 
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылық 
деңгейі
Зерттеуге қатысушылардың оқу жетістіктерін бағалауда оқушының 
нақты оқи білу мүмкіндігі деңгейін анықтау халықаралық 
сарапшылармен қабылданған талап бойынша жүргізіледі. 
Бұл 
деңгейлер қатысушының зерттеуде берілген мəтінімен 
сипатталады. 
Нақты деңгей өлшемдері балалардың нəтижелерін жеке топтарға 
бөлуге көмектеседі, нақты деңгейді сипаттайтын тапсырмалар 
көмегімен оқу сауаттылығының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
 
 
 


10 
1.4. PIRLS 
зерттеуінің өткен кезеңдеріндегі халықаралық 
рейтингі
Халықаралық зерттеулер шеңберінде білім сапасын бағалаудың 
тиімді жаңа əдістері мен технологиялары әзіленуде. Осыған байланысты 
PIRLS зерттеуіне қатысушы елдер алдыңғы кезеңдердің нəтижесін 
қолдану арқылы ұлттық білім беру жүйесіндегі білім үрдісін жетілдіру 
мен мазмұнын модернизациялауда қоладнуда. 
PIRLS-2001 зерттеуінің бірінші кезеңіне 35 елден 150 мың бастауыш 
мектеп оқушылары қатысты. Зерттеу нəтижесі бойынша алдыңғы 
позицияны иеленген елдер қатарына : Швеция (561), Нидерланды (554), 
Ұлыбритания (553), Болгария (550), Латвия (545), Канада (544), Литва 
(543), Венгрия (543), АҚШ (542), Италия (541) кірді. Ең төменгі нəтижені 
Кувейт (396), Марокко (350), Белиз (327) елдерінің оқушылары көрсетті. 
PIRLS-2006 зерттеуіне 40 елден 215 мың оқушылар қатысты. 
Жоғарғы көрсеткіш көрсеткен елдер: Ресей Федерациясы (565), Гонконг 
(564), Сингапур (558), Канада (Британдық Колумбия) (558). Осы кезеңде 
төмен нəтижені Катар (353), Кувейт (330), Марокко (323) жəне ОАР 
(302) көрсетті. Қатысқан мектептер саны – 7629 жəне оқушылар саны–
215 000 құрады. 
PIRLS-2011 салыстырмалы 
зерттеуіне 49 ел қатысты. Алдыңғы 
қатардағы елдер: Гонконг (571), Ресей Федерациясы (568), Финляндия 
(568), Сингапур (567). Ресейлік оқушылар «мəтінді оқу жəне түсіну 
сапасын бағалау» халықаралық сынағында өздерінің үздіктер 
қатарында екенін дəлелдеді. 
Зерттеуге қатысушы елдер барлық кезеңдерде өз нəтижелерінің 
динамикасын салыстырып отырады. 2001 жылы білім нəтижелері 
жоғары 
елдер 
2006 
жылмен 
салыстырғанда 
көрсеткіштерін 
айтарлықтай жақсартқандарына талдау жасаған. Гонконг, Сингапур, 
АҚШ, Дания, Тайвань, Ұлыбритания елдері нəтижелеріне 7-18 балға 
дейін қосқаны байқалады. Сонымен қатар, əр елде өткізілген PIRLS 
зерттеуінен алынған нəтижелер педагогикалық бірлестікпен кең 
көлемде талқыланып отыр. 
Зерттеудегі оқушылар ж
етістігі нəтижелерінен мониторинг 
механизмі жүзеге асырылып, оқыту технологиясы мен бастауыш мектеп 
оқушыларының білім жетістіктерінің талаптары қайта қаралады. 
Оқушылардың оқу сауаттылығы зерттеуінің халықаралық тестілеу 
тапсырмалары негізінде 
педагогикалық ұжымдар мен жаңашыл-
мұғалімдер жеке ұлттық сұрақтар базасын құрастырып жатыр. Олар тек 


11 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға ғана бағытталып қоймай, 
сонымен қатар, болашақ жастардың білім жетістіктерінің маңызды 
факторы ретінде ең алдымен оқу мəдениеті мен дағдыларын 
қалыптастырудың негізі болатынын қарастырады. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет