Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Мақсаты: озат педагогикалық тәжірибені зерттеу  Тірек ұғымдар



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

Мақсаты:
озат педагогикалық тәжірибені зерттеу 
Тірек ұғымдар:
педагогикалық тәжірибе, бақылау. 
1. Педагогика ғылыми педагогиканың ғылыми практиканың бір бөлігі, сонымен 
қатар бейнесі болып табылады. Ғылымның негізгі функциялары – түсіндірмелі, қайта 
құрушы, болжамалы – негізінен тәрбие практиканың дамушы мәселелеріне тәуелді. 
Әрбір педагогикалық зерттеу халықтық білім беру қызметкерлерінің, әдістемелік 
қызметінің жұмысшының, мұғалімнің практикалық іс-әрекетіне және тәжірибесіне 
сүйенеді. Шығармашылық ізденудің жетістігі зерттеуші мәселені практикалық түрде 
шешу жөнінде, озат және көпшілік тәжірибе жөнінде қандай мәліметке ие болудан алдын 
ала анықталады. 


Тәрбие – оқыту іс-әрекетінің тәжірибенің дамуды үздіксіз қадағалау жүйесі 
халықтың білім беру басқарудың функциясы ретінде де алға шығады. Мұнда тәрбие 
практиканың басқаруы және зерттеудің мүдделері тұтасып бірігеді. 
Студент – зерттеуші озық педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, тек аналитик 
ретінде емес, сонымен қатар оның өз болашақ жұмысы үшін кәсіби құндылықтары баий 
түседі.
2. Енді педагогикалық тәжірибенің ұғымын, оның мәнін, түрін, ғылыми 
талқылаудың объекті ретінде ерекшеліктерін қарастырайық.
Қазіргі педагогикадағы тәжірибе „оқыту-тәрбиелеу жұмысының практикалық 
процесінде мұғалім игерген білім, дағды мен шеберліктің тұтастығы” ретінде 
анықталады. Педагогикалық тәжірибенің ұғымының басқа да анықтамалары кездеседі.
Э.И.Моносзонның айтуы бойынша, педагогикалық тәжірибе бұл – практикалық 
педагогикалық іс-әрекет және тәрбиеленетін, оқылатын жеке тұлға ретінде айқындалатын 
осы іс-әрекеттің нәтижесі. М.Н.Скаткин педагогикалық тәжірибе ұғымын екі мағынаға 
бөледі. Кең мағынасында педагогикалық тәжірибе тәрбиелеу мен оқытудың практикасы, 
ал тар мағынада – „ұзақ немесе қысқа уақыттағы жұмыстың (тәжірибенің синонимі) 
нәтижесінде меңгерген педагогтың шеберлігі” болып табылады. И.К.Журавлев озат 
педагогикалық тәжірибе және педагогикалық практика ұғымдарын екіге бөледі және 
екіншісін өте кең ұғым деп атайды. Ұғымды – логикалық дәлелдеме: озат тәжірибе 
практиканың құрамыеда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет