Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
 
1.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын түсіндіріңіз 
2.
Баяндама ұғымын түсіндіріңіз 
3.
Курстық жұмысқа қойылатын талаптарды атаңыз 
4.
Реферат ұғымына анықтама беріңіз 
№ 12 дәріс тақырыбы: Курстық жұмысты орындау әдістемесі. 
 
Жоспары: 
1.
Зерттеуге дайындық кезеңін өткізу. 
2.
Библиографиялық ізденіс
3.
Зерттелген материалды баяндау. 
4.
Зерттеу әдістері және оларды таңдап алу 
Мақсаты:
Курстық жұмысты орындау әдістемесін түсіндіру
Тірек 
ұғымдар:
Зерттеуге 
дайындық 
кезеңін 
өткізу
 
.
Библиографиялық 
ізденіс.Цитата.Гипотеза. 
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», 
«объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында 
орналасады.
Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым 
мен практиканың аймағы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» 
мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп 


педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы 
бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» 
мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», 
«пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.
Зерттеу объектісі – объектілі саланың ірі, дербес бөлігі. Онда зерттеудің пәні 
орналасқан. Мысалы, егер объектілі сала – кіші мектеп жасындағы балаларды 
экологиялық тәрбиелеу әдістемесі болса, объект бұнда экологиялық тәрбие берудің 
әдістері, формалары, басқа тәрбие түрлерімен байланысы, тәрбиелеу ерекшеліктері болып 
табылады.
Зерттеу пәні – объектінің бақылау бөлігі. Егер объект «Балаларға экологиялық 
тәрбие беру әдістері» болса, онда зерттеу ретінде кез-келген әдісті алуға болады. Мысалы, 
зерттеу пәні ретінде «Экскурсия экологиялық тәрбие берудің әдісі ретінде» деп 
анықталады. 
Зерттеу пәні аясында алдын-ала тақырып белгіленеді. Тақырып – «Бастауыш 
мектепте экологиялық тәрбие берудің негізгі әдісі - экскурсия». 
Осылайша, объектілі саласы, объекті, пән арасындағы қатынас – жоғарыдан 
төменге қарай бағыныңқылықты белгілейді. Басқаша айтқанда, объект объектілі саладан 
тарлау, пән объектіден тарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет