Зерттеудің 2-ші кезеңі (немесе тәжірибелік бөлім).
Бұл кезеңде анықтаушы эксперимент (тексеру), қалыптастырушы эксперимент
(құрылымдық, өзгерту) және бақылау эксперименттерін біріктіретін тәжірибе жұмысының
құрылымы анықталады.
Анықтаушы эксперимент -
зерттеудің басында өткізіледі және
оның міндеті
зерттелетін құбылыстың практикадағы жағдайын анықтау. Қолданылатын әдістер:
бақылау, әңгіме, анкета, оқушылар жұмысын, сабақ конгспектілерін зерттеу және т.б.
Қалыптастырушы эксперимент –
эксперименттің келесі кезеңі
.
Міндеті – жаңа
шарттарды орындай отырып, осы шарттардың тәрбие мен оқытудың тиімділігіне
қаншалықты әсер ететіндігін
зерттей отырып, ұсынылған гипотезаны тексеру. Бұл
кезеңдегі өте маңызды нәрсе – тәжірибе жұмысының барысы мен нәтижесін жазып алу
әдістемесі, алныған мәліметтерді талдау әдістемесі, мәліметтерді статистикалық өңдеу,
кесте құру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |