Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент



Pdf көрінісі
бет51/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

 
Әдебеттер:
 
1.
Бөлеев Қ., Дәменова Г. Білім берудің бағыт-бағдары./Қазақстан мектебі. №4, 2005. 
11 б. 
2.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. А., 2004 – 10-12 б. 
3.
Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического 
исследования.-М., 2005. -77-87 с. 
4.
Дүйсебек Ә.Т. Орта мектептегі білім мазмұнын жетілдірудің әдіснамалық 
мәселелері./Білім берудегі менеджмент. №3, 2006. 104 б. 
 
7. Білім алушының өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған нұсқаулықтар мен 
материалдар
:
1.Тақырыпқа сай семинар сұрақтарын негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана 
отырып, тақырыпқа зерттеу жүргізу. Мысалы: педагогиканың қазіргі оқу жүйесіндегі 
алатын орны. Педагогиканың пайда болуы, ұғымы кесте, тірек схемалар т.б;
2. Қазіргі оқу жүйесі презентация,қысқаша сипаттама анализ синтез 
3.Тақырып бойынша көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттердең мәлімет жинап
әрбір алынған мәліметке ақпарат беру,өз пікірін білдіру, қорытынды жасау кейс толтыру, 
венн диаграммасын пайдаланып ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.
4.Алынған әдебиеттер тізіміне сілтеме жасау. 
5.Кестелер мен сызбалар атауы беріліп, номерленіп, астына қысқаша мәтінге сипаттама 
беру. 
Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:
1.
Ғылым тілін меңгеру; 
2.
Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады; 


3.
Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз 
көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру. 
Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі: 
1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.; 
2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі; 
3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б. 
Семинарға дайындық және оның өткізілуі: 
Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей 
оқытушымен кеңесуіне болады. 
Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер 
тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 
оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе 
кафедрадан алып дайындалуына құқылы. 
Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек. 
Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық 
бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша 
ақпараттарды жазып алу керек. 
Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да 
нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс. 
Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары 
дұрыс. 
Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып 
бойынша дайындалып келіп жауа бару керек. 
Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы 
келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық 
айтулары тиіс. 
Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады. 
Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады. 
Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет