Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
«Шығыс әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 6М020500- «Филология(қаз)» мамандығының магистранттарына арналған
пәнді оқыту бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР
Құрастырған:
ф.ғ.к., доцент
Г.Т.Кәріпжанова
Павлодар
Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып.
Көне арабтардың сөз өнері. Араб әдебиеті туралы мәлімет, түсінік беру. Исламның дүниеге келуі және Құран. Мұхаммед (с.а.с.) – жаңа діннің негізін салушы. Құранның жасалу тарихы.
«Мың бір түн» ертегісінің жазылу тарихы, жанрлық ерекшеліктері, тілі мен стилін зерттеу, поэтикасы мен жариялану жайы.
2-тақырып
Үнді әдебиеті. Р. Тагор шығармашылығы. «Күйреу» романының көркемдік ерекшелігі туралы.
3-тақырып
Ә. Фирдоуси шығармашылығына шолу. «Шахнаме» дастанының жазылу тарихы. Дастандағы батырлық, ел бірлігі насихаты. Қазақ тіліне аударылуы туралы.
4-тақырып
Омар Хайям өмірі мен шығармашылығы, оның әдеби мұрасына шолу, зерттеу.Рубайлары. Сағди өмірі мен шығармашылығы. Оның ХІІІ-ХІҮ ғғ. Парсы тілді поэзиядағы философиялық-дидактикалық бағыттағы поэмаларының табиғаты.Он баптан тұратын «Жәннат» дастаны.Ондағы әділдік, қайырымдылық, ғашықтық, кішіпейілділік, таупық ету, қанағат, тәлім-тәрбие,шүкіршілік, тәубе мәселелері.
5-тақырып Хафиз өмірі мен шығармашылығы. Хафиз – классикалық Шығыс поэзиясындағыдарынды лирик.Оның ғазалдары, рубайлары, таржибандтары, сақинамаданы.
Ә. Жәми – классикалық поэзияның соңғы өкілі. «Жеті дастан» даналық кітабының философиялық тұжырымдары.Оның поэзиясындағы ғашықнама, қасіретнама, рубайлар, фарды, мұрабба,ғибратнама үлгілері.
6- тақырып Бабырдың әдеби мұрасы туралы түсінік. «Бабыр-наме» туындысының әлемдік маңызы. Ондағы оқиғалардың Үндістан, Кабул, Ферғана жерлерінде өтетіндігі. Тарихи тұлғалар. Әбілхасан Рудакидің қасидалары, ғазалдары, рубайлары,қыталары,егіз жолды өлеңдері, лирикасы Насыр Хосраудың ұялту мен мадақтау, мейірімділік пен жақсылық жайлы өлеңдері; қасидалары, фрагменттері, афоризмдері.
7-тақырып
Жәлаладдин Румидің мысалдары: «Қой мен өгіз және түйенің дауы», «Дәрігерге ауруы жайында арыз айтқан қария хақында», «Қолға түскен құстың ақылы», «нан сатушы мен дүкенге май төгіп алған тотықұс туралы», т.б.
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
«Авеста» ауд. Қ. Жұмалиев. «Мәдениет жнее тұрмыс». 1989. №4
Әлем халықтары әдебиеті. Энциклопедия. 2-том. 1971
Бердібаев Б. Кәусар бұлақ. А., 1989
Газетдинова Л.А. Поэзия ар-Рейхани. Вест. Ленинг. унив. 1985. 42-76
Жәмішев Ә. Хафиз ғазалдары. ауд. А., 1990
Н. Курганцев. «Шығыс лирикалары». 1-том, 7-том. А., 1984
Корпиенко В. Наследия и поиски нового. / о литературе арабских Ә. Қоңыратбаев. «Көне мәдениет жазбалары», А., 1991
Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аудармашы: Халифа Алтай. өңдеуші Дәлелхан Жаналтай. Міләди 1991 жылында басылды. Медине, Мұнаура Сауд Аравия. 1989
Мұхаммед Бабыр. «Бабыр-наме» ауд. Б. Қонабеков, А., «Жалын», «Мың бір түн» аудар. Қ. Әбдіқадыров. 4-том, А., 1954
стран. Иност. Лит. 1987-2, 215-2216
Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы. А., 1996
Хасенов Ә. Әбу Ғали ибн-Сина. А., 1983
Ысқақов Б. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. А., 1964
Ысқақов Б. Сөнбес жұлдыздар. А., 1989
Иран-тәжік поэзиясы.Астана, 2005
Қосымша әдебиет:
Р. Бердібаев. Гүлстанның бұлбұлдары. А., 1970
Гончаров Л.Н. Р. Тагор – гуманист и просветитель. Сов. Педагогика. М., 1987
Винокуров Е. Философская лирика Тагора. М., 1976
Н. Ғабдуллин. Уақыт сыры. А., 1962
Ежелгі дәуір әдебиеті. (хрестоматия). А., 1991
Ә. Жәми. Өлеңдері мен дастандары. А., 1969
М. Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990
Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991
Краткая литературная энциклопедия. 2-том. 1966
Мүшайра. А., 1972
Низами. Ләйлі-Мәжнүн. А., 1954
Ә. Науаи. Таңдамалы шығармалары. А., 1998
Сөз зергері. А., 1966
Ә. Рудаки. Таңдамалы шығармалары. А., 1968
КСРО халықтары әдебиеті. А., 1976
М. Сағди. Жәннәт. А., 1984
Ө. Күмісбаев. Екі перне. А., 1991
Ш. Сәтпаева. Қазақ әдебиеті және Шығыс. А., 1992
Шығыс жұлдыздары. А., 1973
Ә. Фирдоуси. Кей Хосрау. А., 1972
Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.
Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.
Достарыңызбен бөлісу: |