Сыныбы:
|
9 сынып
|
Күні:
|
|
Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Тақырыбы
№ 2 сабақ
|
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері
|
Мақсаты
|
Шешендік өнердің түрлері туралы толық түсінік алады, ерекшеліктерін ажырата біледі.
|
Күтілетін нәтиже
|
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктерді біледі. Сыни ойлау дағдысын жетілдіреді. Тақырыпты терең түсініп, түсінген білімін кез-келген жағдайда өмірде тиімді пайдалана біледі.
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ;
Сын тұрғысынан ойлау;
Дарынды және талантты балалармен жұмыс;
Бағалау
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Бейнеролик көру, постер қорғау, «Бес жолды тұжырым әдістемесі», кері байланыс
|
Қолданылатын ресурстар
|
Интерактивті тақта, флипчарт, стикер, оқулық, түсті қарындаштар, шешендік сөздер жазылған таспа.
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
|
3
|
Нақыл сөздер қиындылары арқылы топқа бөлу
|
Шешендердің сөздері жазылған нақыл сөздер қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырады
|
Үй жұмысын пысықтау
|
5 мин
|
2.«Саған жолдаймын »
сұрақ- жауап әдісі;
Ашық сұрақтар:
1.Шешендік сөздерге қандай сипаттама бересің?
2. Қазақтың шешендік сөз тарихы неше кезеңге бөлінеді?
Сынақтан өткізу сұрақтары:
3. Мысал келтіре аласың ба?
Ашық сұрақ:
4.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан оқыдыңыз?
5. Шешендік сөзге қандай баға берілген?
Жетектеуші сұрақ:
6. Шешендік сөздердің өмірімізде маңызы қандай?
Түрткі сұрақ:
7. Шешен болу үшін қандай қасиеттер болуы керек?
Басқаға бағыттау сұрақтары:
Толықтыратындар бар ма?
Би- шешендердің сөздерінен жаттаған үзінділерін мәнерлеп оқиды.
|
Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы, сұрақ қояды, үй жұмысын пысықтайды.
|
«Ой шақыру»
АКТ
|
5 мин
|
Шешендік сөздер туралы Аудиовизуалды материал көреді. Нені көргендерін айта отырып, жаңа тақырыпқа келеді
|
Мәтінді үнтаспадан тыңдайды, мазмұнын түсінеді, сабақтың тақырыбын ашады.
|
Мағынаны тану
Көшбасшылық және оқуды басқару
|
10 мин
|
Топта жұмыс ««Не айтылған? Нені білу керек? Не маңызды?»
|
1 –топ Жоспар құрады.
2- топ Постер қорғайды. «Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі – сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.Шешендік өнердің біздің өмірімізде маңызы» өзіндік ой-пікірін қорғау.
|
Инклюзивті оқыту/дифференцация. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс
Жоғары деңгей
Ой толғау жазу немесе өлең шығару;
Ортаңғы деңгей
Шешендік сөздер туралы түсінгенін тірек-сызба арқылы түсіндіреді
Төменгі деңгей
Сұрақ дайындайды
|
Жоғары деңгейдегі оқушылары шешендік сөзге байланысты өлең шығарады немесе ойтолғау жазады.
Орта деңгейдегі оқушылары мәтінді оқи отырып, өз түсінгендерін тірек-сызбаға түсіреді. Төменгі деңгейдегі оқушылар мәтін бойынша сұрақтар қойып, бір- біріне қойылған сұрақтардың және оған берілген жауаптардың дұрыстығын біледі.
|
Сабақты бекіту
Сыни тұрғыдан ойлау
|
5 мин
|
«Ой тұжырым әдісі»
Қандай сөздер?
Неге жатады?
Кімдер айтады?
Кімге аманат?
Би-шешеннің айтқаны.
|
Сұрақтар төңірегінде жауап бере отырып, бүгінгі сабақ негізінде тұжырым жасайды.
|
Қорытындылау
|
3 мин
|
Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру. 1.Сіздің ойыңызша шешен би батырлардың ортасында қандай ортақ қасиеттер бар? 2. Шешен би, батырлар не үшін қажет? 3.Нені үйренуге болады?
|
Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды
|
Кері байланыс
|
2 мин
|
Кері байланыс: 1 Бүгін біз не туралы айттық? 2. Не ұнады? 3.Неден қиналдың? 4. Өзің қандай ой түйдің?
|
.
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақта алған білімдерін зерделеп, қаншалықты түсінгендерін біледі,
|
Бағалау
|
2 мин
|
Әр оқушыға бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек.
|
Бағалау парағы әр балаға таратылып беріледі оқушылар өзін –өзі бағалайды
|