Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 113
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи
сағыныш еді бұл. (100 сөз)
Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы» 1.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?
A)аспап туралы
B)кітап туралы
C)би туралы
D)ән туралы
E)қыздар туралы
2.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B)Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
C)Мың асауға бір тосу.
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
E)Туған жердей жер болмас.
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
–Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп
жүрсің?-дейді. Мысық тәкаппарлана:
–Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Ұйқышыл мысық
B)Жаңа дос
C)Тату-тәтті өмір
D)Қулығын асырған тышқан
E)Мысық пен тышқан
4.Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?
A)Өркөкіректігі
B)Мақтаншақтығы
C)Айлакерлігі
D)Жалқаулығы
E)Батырлығы
5.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Батылдығы
B)Шыдамдылығы