Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет275/674
Дата02.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134045
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   674
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
202 
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде 
шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. 
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс 
құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда 
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. 
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, 
Зайсан көлі бұрын осындай еді. 
1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? 
A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты 
B)Көлдің әдемілігіне байланысты 
C)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. 
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты 
E)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 
2. Екінші абзацта не туралы айтылған? 
A)Қамысты құрақтағы құстар туралы 
B)Көлдің көлемі туралы 
C)Көл атауы туралы 
D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы 
E)Көлдегі балықтар туралы 
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли 
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған 
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш 
көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. 
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. 
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. 
Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін 
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да 
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан 
тапжылмай отырды. 
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге 
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 
3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? 
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына 
B)Ауданға баратын адамның болмағанына 
C)Ертең сабаққа баратынына 
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне 
E)Туфлиінің жыртылғанына 
4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? 
A)Қырсыққан жігіт мал таппас. 
B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. 
C)Өтірік айтқаннан өлген артық. 
D)Қалауын тапса қар жанар. 
E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   674




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет