Мусаб ибн Үмәйір де шейіт Ислам әскері анда-мында таралып, бастары қосылмай қойды.
Қиындыққа мойымаған, өлімді қасқая қарсы алуға әзір бірнеше сахаба
Расулаллаһтың қасынан бір елі ажырамайды. Солардың бірі Ислам әскерінің
байрақ ұстаушысы - Мусаб ибн Үмәйір еді.
Ибни Қалша есімді кәпір Расулуллаһқа жақын келіп:
"Маған Мұхаммедті көрсетіңдер! Ол аман қалса, менің өлгенім
артық",-деп айқайлайды.
Сахаба Мусаб, бірнеше мужаһид, олардың қатарында әйел сахаба
Несібе ханым да бар, Ибни Қалшаға қарсы шықты. Кәпір Ибни Қалша
Расулаллашы қорғамақ болған Несібе ханымның иығынан қылышпен салып
өтті. Несібе де қарап қалмады, жауызды соққылай берді, алайда қаскөй екі
қабат сауыт киінгендіктен оған шыбын шаққан құрлы әсер етпеді.
Ибни Қалша қақ алдынан жолын кес-кестеген Хазіреті Мусабтың оң
қолының басын шауып түсірді. Хазіреті Мусаб Исламның игілік символы -
байрағын сол қолына алды. Залым дұшпан бұл жолы оның сол қолын шапты.
Хазіреті Мусаб шолақ білегімен туды қапсыра құшақтаған күйі бауырына
басты. Мақсаты - қандықол Қалшаны Расулаллаһқа қалайда жолатпау және
Ислам байрағын жерге түсірмеу. Бұл жолы Ибни Қалша мужаһидтің
кеудесіне найза сұқты. Хазіреті Мусаб бұл азапқа төтеп беруге тағаты
жетпей, байрақты құшақтаған күйі құлап түсті. Сөйтіп ол да шейіттік
мәртебесіне көтерілді.