Гераклийді Исламға үндеу Пайғамбарымыз асхабынан Дыхиа ибн Халифа әл-Кәлбиді Рум қайсері
Гераклийді Исламға уағыздау мақсатымен жолға аттандырды.
Гераклийге арналған хат та рақымды да қайырымды Аллаһтың атымен
басталып былайша жалғасады:
"Расулаллаһ Мұхаммедтен Рум басқарушысы Гераклийге! Хақ жолын
ұстанғандарға сәлем!
Уа, Рум халқының билеушісі! Сені Ислам дініне шақырамын.
Мұсылмандықты қабылдасаң, сау-сәлемет тіршілік кешіп, Аллаһтың
теңдессіз тартуына ие боласың. Егер де шақыруымды қабылдамасаң, бүкіл
халқыңның, әсіресе, жарлы-жақыбайлардың обалын мойныңмен көтеруге
мәжбүрсің.