Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Үмму Хабибаның пайғамбармен некелесуі



Pdf көрінісі
бет307/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Үмму Хабибаның пайғамбармен некелесуі
Үммү Хабиба - құрайыштың басшысы Әбу Суфианның қызы еді. 
Мұсылмандықты қабылдаған ол иманның шарттарын емін-еркін жүзеге 
асыру үшін күйеуі Үбайдуллах ибн Жахшпен бірге Меккеден Хабашстанға 
хижрет еткен-ді. Үбайдуллах дінін сатып, христандықты қабылдап әрі-сәрі 
боп жүргенде Үммү Хабиба иманының беріктігін паш еткен. Кейінірек 
жолдасы өліп жесір қалған тұста түсінде Үбайдуллаһтың "Ей, муминдердің 
анасы!" - деп дауыстағанын көреді. Муминдердің анасы болу құрметі тек 
Аллаһ Расулының ақ некелілеріне бұйыратындықтан ап-анық түсін 
жақсылыққа жориды да қояды. 


336
Араб әйелдері теңін таппай тұрмыс құрмайтын. Хазіреті Үммү Хабиба 
да жат жерде жесір қалып қиын жағдайларды басынан өткереді. Дінін сақтау 
жолында туған жерден жырақ кетіп, ағайын-туыстан айрылып жалғыз қалған 
адамның халін сипаттап жатудың өзі артық болар. Оның үстіне ол қорғансыз, 
қауқарсыз әйел болса! 
Осы себептерге байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Үммү Хабибаны 
некелілері арасына алғанды жөн көрді. Талабын Нәжашиге елшісі арқылы 
білдірген. Хабаш билеушісі пайғамбардың тілегін құптап Үммү Хабибамен 
некеге отырғызады. 
Пайғамбардың Хабаш билеушісінен тағы бір өтініші - мұсылман 
муһажирлерді Мәдинаға қайтаруға қатысты. Асхама мұны да жауапсыз 
тастамады. Хазіреті Жағфар бастаған мұсылмандарды кемемен Мәдинаға 
шығарып салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет