86
Е
Ң БІРІНШІ МҰСЫЛМАН – ХАЗІРЕТІ ХАДИША
Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) Хирадағы муғжизадан соң Аллаһ
тарапынан жүктелген қасиетті елшілік міндетін қабылдады.
Ендігі жерде
осынау ұлы әрі ауыр қызметтің талаптарын орындауға тиіс. Өзі өмір сүріп
отырған ортада мұның оңай бола қоймасы анық еді.
Ол кезеңде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)
жалғыз өзі - бір бөлек, күллі
дүниеден мүлдем алыста. Ол қалайда Аллаһтан
алған әмір бойынша
адамдарды жақсылыққа, иманға шақыруға тиіс.
Аллаһтың Расулы ақырзаманға дейін адамзатқа
нұр шуағын төгетін
асыл қызметіне қалай, қай жерден кірісу қажеттігін нақты жобалап алды.
Маңызды мәселені ең алдымен жан
жары - Хазіреті Хадишаға ашып,
сырласты. Хазіреті Хадиша еш күмәнсіз,
бір ауыз сөзге келместен
мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді...
Расулаллаһ Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет
алуды үйретті. Іле-шала
періштенің көрсеткеніндей,
өзі имам болып,
зайыбына екі рәкат намаз қылдырды.
Бұл - пайғамбарымыздың имам
ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол
дүйсенбінің кешіне сәйкес келген.
Достарыңызбен бөлісу: