«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты



бет1/6
Дата30.03.2018
өлшемі0,94 Mb.
#39873
  1   2   3   4   5   6
«Қазақстан-2050» Стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

 1. Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы  сапалық тұрғыдан өзгерді.

Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, 15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс жасауымыз керек.

Біріншіден, Қазақстан - қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше.

Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-2050 жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда.



Екіншіден, «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды.

Үшіншіден, біз жаңа шындық тудырған сынақтар мен қауіп-қатерлерге кезігіп отырмыз. Олар жалпылық сипат алып, барлық елдер мен өңірлерге әсерін тигізуде.

Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын тұжырымдаған кезде нәтижесінде жаңа, мүлдем күтпеген, экономикалық және геосаяси жағдаяттар туындайтын, өз көлемі жағынан теңдесі жоқ әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс төнеді деп ешкім күтпеген еді.

2030 стратегиясы 1997 жылы ашық құжат ретінде жасалды. Біз  о бастан-ақ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ескердік.

Әлемдегі жағдай өзгеретінін және өмір өз түзетулерін енгізуі мүмкін екенін түсіне отырып, менің тапсырмам бойынша жаңа жағдайдағы біздің орнымыз бен біздің мүмкіндіктерімізді ой елегінен өткізе отырып жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды.

Олардың талдау жұмыстарын ескере отырып, мен ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасауды ұсынамын, оның ішінде 2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек.

2050 жыл - жай бейнелі дата емес.

Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім.

БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді.

2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.

Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды.

Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде.

Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылданғанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты.

Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда.

Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды.

Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.

Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.

Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.

Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын. Бұл менің Қазақстан халқына жолдауым болады.

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



Мазмұны

 

І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

1. Қуатты да табысты мемлекет



2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар

 

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

 

1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі



2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы

5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы

7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция

8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

 

ІІІ. "Қазақстан-2050"  Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

 

1. Міндеттердің жаңа парадигмасы



2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары

 

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

 

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм



2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2.  Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

 

4. Инфрақұрылымды дамыту



5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту

6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту

8.1.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту

9. Су ресурстарына қатысты саясат

 

2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

 

1. Шағын және орта бизнесті дамыту



2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі  –

«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»

3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі

 

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік

 

1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері



1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт

1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау

1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

 

2.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық



3. Баланы қорғау

4. Ұлт денсаулығы  табысты болашағымыздың негізі

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту

4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары

 

1. Білім беру саласындағы жұмыстың  басымдықтары



1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 

1.4. Білім беру  әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

3.Жастарға үндеу

 

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

 

1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі



1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби  мемлекеттік аппарат қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

 

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

 

1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары



2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери  доктринаны нығайту

 

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

 

1. Жаңа қазақстандық патриотизм



2.  Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

6. ХХІ  ғасырдағы Қазақстандағы дін

7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?

8. Ұлтқа үндеу

 

Қадірлі қазақстандықтар!



Қымбатты отандастар!

 

Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.



Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.

1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.

Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді.

Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.

Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті.

Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.



Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр.

Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз.Біздің ендігі міндетіміз  егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен  айналысады.

Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау  ұсынып отырмын.

Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым.

Бұл – жаңа саяси бағыт.

 

І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың,  



қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясын қабылдадық.



Бұл 1997 жыл – кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.

Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.



1997 жыл естеріңізде ме?

Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.

Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?»  деп сауал қойып жатты.

Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.

Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.

Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.

Ол міндетті шешу үшін  біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік  жолымыздыайқындауға тиіс едік. Бұл жол "Қазақстан-2030" Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған,   көзқарасымыздағы  маңызды серпіліс болды.

Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені»Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.

Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.

Қазақстан оған төтеп бердіДағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты ете түсті.

Біз таңдаған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді.

 

1. Қуатты да табысты мемлекет

 

Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.



Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.

Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.

Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық  Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді.Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте  ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін  айтсақ та жеткілікті.

 

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

 

Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі  экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады.



Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.

Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

 

3. Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

 

Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік.



Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық.

Қазақстан  140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды.



Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды.

Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды.

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз

Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің  белсенді рөліне негізделген.

Біз елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясын тарттық.

Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты.

Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде  әртараптандырудамыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында екі бесжылдықта экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету  міндетін қойдым.

Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.

Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарынакіреміз.

Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық.

 

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат

 

Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек.

15  жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды.

Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық.

Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі  реформаланды.

Соңғы бес жылда  ана өлімі  шамамен 3 есе азайды,  бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті.

Білім алуға  тең мүмкіндіктер жасалуда.

Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті.

Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік.

 

6. Әлемдік қауымдастық таныған ел

 

Әлемдік саясатта біздің еліміз  - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес.



Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз.

Біз өз қауіпсіздігіміз үшін халықаралық үнқатысу алаңы -  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіншақыруға бастамашылық жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді.

Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті.

Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мәні – әділетті де қауіпсіз әлемсипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.

Біз жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз.

 

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі  біздің белсенді роліміз

 

Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздіккеқосқан сөзсіз үлесіміз.



Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралықкепілдік алдық.

Біз Орталық Азияда  ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста  осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз.

Біз  әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз.

Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт  таратпау режімінің  арқауы болды және солай бола бермек.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың  тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы  болуға тиіс.

Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы   29 тамызды  Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы  ұсынысымды қолдады.

Осының барлығы -  жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.

Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі  болып танылды.

 

8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар

 

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында біз еліміздің табысын  жоспарладық

Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды.

Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының  мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой.

(1) ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық.

Тұңғыш рет тарихта біздің  мемлекет  халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.

Қазақстан  Каспий теңізінің айдынындағы  ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.

Болашақта  кез келген аумақтық  даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға  көршілермен  даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.

Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық.

(2) Біз 140 этнос пен  17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды.

Біз  демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды.

Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі  күллі саяси спектрді көрсететін  партиялар жұмыс істейді. Бізде  көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.

Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы  18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдаржұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ  бар, оның  90%-ы – жеке иелікте.

Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет