Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б. Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты
е дыбысы
ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.
Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б. Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол
дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған
байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.
Мысалы, жазылуы айтылуы лай ылай рас ырас ренжу іренжу лайық ылайық Екі дауыссыздың арасындағы
ы, і дыбыстарын түсірмей жазып
қою жиі байқалады.
Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай
оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.
Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б. Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды
талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін
қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.