Жаттыѓу ж¦мысы


тақтада  және  орнында отырып орындау



Pdf көрінісі
бет9/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

тақтада 
және
 орнында отырып орындау 
болып екіге 
бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы 
тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және 
күрделі түрлері орындалады.
Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі: 
1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі. 
2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, 
жазылу 
емлесіне 
байланысты 
заңдар 
қалай 
дәлелденетіні 
түсіндіріледі. 
Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын 
дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді.
Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру 
үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап 
оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен 
нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың 
шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, 
қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады. 
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі 
ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика 
және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің 
күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту 
үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу 
арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен 


15 
жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі 
қозғалыстар жасайды.
Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы 
болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың 
мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін 
жазуға мынадай шарттар қойылады:
1.
Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің 
бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.
2.
Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет. 
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң 
жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық 
жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға 
үйрету керек болады.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық 
түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін 
қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі 
факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу. 
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу. 
3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып 
кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу. 
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз 
байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, 
диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске 
аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, 
жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне 
мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған 
жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет