Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
2.1 Лексикалық қателер 4-8 сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін бақылау
барысында, жазба жұмыстарын тексергенімізде оқушылардың басым
көпшілігі лексикалық қателер жіберетіні байқалады. Ол қателерді
төмендегідей топтастыруға болады:
1. Сөздіњ мағынасына байланысты туатын қателер Оқушылар өз ойын жеткізуде, сөйлем құрауда кейбір сөздердің
мағынасын түсінбей қолданады.
Мысалы: Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. “
Қара ” сөзі – түсті
білдіретін сын есім емес, қара суықты білдіретін сөз. Осы сияқты
контекстегі сөздің мағынасын жете түсінбеген соң оқушылар ол сөзді
қолданбайды.
Мысалы: Кемпір мен шалға құс пен аңның етін толтырып береді
де, Төстік ағасын іздеуге кетеді. Кенжекей үйді басқа келіндерінен
бұрын құрады. Махамбет елге арнап өлең айтты. “Толтырып, құрды,
өлең” деген сөздер сөйлемде орнын таппаған.