ЕКІНШІ БОЛМА
еұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай кезден бастап бала-
ларға үйрету керек.
Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінэлай бермей,
мен «табысты болуға лайықтымын ба?», «мен бұл жолда
не ісгедім?», «не істей аламын?», «қалай дамыдым?» де
ген сұрақтарды қою арқылы, мәселенің негізгі себебіне же-
гесің. Бэлкім, дөңгелетіп алып
кете алмай отырған ісіңді
жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаң-
ды ауыстыру керек шығар? Осындай сұрақтардың өздері
адамның өмірін қатты өзгертеді.
Бір жігіттің оқиғасы есіме түсті. «Жас кезімде ойлан-
дым, бойым кішкентай, түріме келеек,
Аллен Деллон
емеспін. Әдемі қыздардың барлығы бойы сұңғақ, спортшы
жігіттерге қарайды. Мен қазір басқалардан ерекшеленбе-
сем, көштің артында қалып қоямын. Болашақта бәсекеге
қабілетті бола алмай қаламын» деп ойлайды. «Мен қазір
өзімді қалай өзгертуім керек?» деген сұрақ қойып, қазіргі
таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше кэсібі бар.
Келіссөздер кезінде де, үлкен кісілердің дұрыс сұрақ
қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің
жасаспағандығын білемін. Оған коса екі тарап бір-біріне
өкпелі болып қайтады. Негізінде,
адамның қандай екенін
үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл туралы
жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып берей-
ін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер жігіт-
термен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік. Арамы-
здағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездеспекші еді.
Сол кездесу барысында қойылатын бірінші үш
сұрақты
анықтадық. Біріншісі, «Сіздің бұған дейін осындай салаға
ақша салған тәжірибеңіз болды ма?» деген сұрақ болды.
73
Бұл арқылы сенің алдыңда отырған адаммен әрі қарай сұх-
бат жүргізу, бизнес жасау керек пе, керек емес пе екендігін
анықтап аласың. Себебі, тэжірибесі жоқ адаммен бизнес
бастау қиындау болады, ал сен бұны келісімге келіп алған-
нан кейін емес, келіссөздің бірінші минутында-ақ анықтай
аласың.
Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шығаруға,
оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда не
үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң,
ол соған байланысты
жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпарат алуға,
көптеген мәселенің шешімін табуға болады. Бар болғаны,
не керек екендігін түсіну, сұрақты дүрыс құрастыру жэне
ақпаратты пайдалана білу.
Достарыңызбен бөлісу: