Сабақ Тақырыбы: «Хайуанаттар бағы»



Дата17.06.2018
өлшемі20,43 Kb.
#42351
түріСабақ
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Маяковский орта метебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Хайуанаттар бағы»

Қазақ тілі 4 сынып

Мұғалім: Сейдахметова

Кайржан Какимбековна

2016 жыл

Первомай ауылы


Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағы.
Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағының қандай екенін, қандай жануарлар бар екенін айта алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Хайуанаттар бағының қандай екенін және ондағы жануарларды сипаттай білу,берілген құрымдылық үлгі бойынша сұрақ алу;тақырып бойынша берілген сөздік қорды сөйлеу барысында қолдану.

Тұлғалық:қоршаған ортаны аялауға үйрету.

Жүйелік-әрекеттік:сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.


Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, , қоржын, сыйлықтар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Қалдарын қалай?
1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Ақпанның нешесі?
- Аптаның қай күні?

Оқушының қызығушылығын арттыру.

-Ерте,ерте ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Жануарлар саяхатқа шығыпты,

Ол бірнеше елдерде болыпты

Бүгің бізге де қонаққа келіпті.

-Ал ,қәне,балалар,жануарларды қарсы аламыз ба?.

-Иә.


-Жануарлар бізге сыйлық ала келіпті.Сыйлықты алу үшін сөзжұмбақ шешіп көрейік;

1.Қандай жануар кісінейді?

2.Аң патшасы не?

3.Ең қорқақ жануар?

4.Сиырдың төлін не дейміз?

5.Қандай аң балды жақсы көреді?

6.Бұзаудың енесін не дейміз?
Мынау не ? Бұл хайуанаттар бағы.Ендеше біз бүгін хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.
- Балалар хайуанаттар бағында қандай жануарлар бар екен ?
Оқушылар: піл, аю,арыстан,жолбарыс,қасқыр,түлкі,керік.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыға «Жануарларлар қонаққа келді. Олар өздерімен бірге тапсырмалар әкелді. Аңдардың барлық тапсырмасын орындауымыз керек. Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ сонда сабақ қызықты да, сәтті өтеді. Ендеше жануарларлардың тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма?
Оқушылар: иә, дайынбыз.
- Ал, онда бастайық!
1. Балалар не?.Қоян.Қоянның сендерге тапсырмасы бар сияқты орындаймыз ба? Олай болса,балалар,жеребе бойынша төртбұрыштың ішінде жазылған санды ретімен ашып шығайық.Балалар кезегімен сандарды әріп жазылған бетіне ауыстырады.

-Қандай сөз шықты,барлығымыз айтып көрейікші.

-Жуан және жіңішке дауыстылар.
2.- Балалар,

мынау не? Арыстан. Қандай сұрақтар жазылып тұр оқиықшы. Қандай? Неше? Қанша?. Қане бірінші партадан бастап оқиық .Дәптермен жұмыс.
ақ лақ, үш торай, сүйкімді бота, бес жылқы, үш сиыр, ақ аю, қара лақ, сүйкімді әтеш,ақ үйрек.
3. Керік тапсырмасы. Ой, балалар! Мынаны қараңдар. Төлдер аналарынан адасып қалыпты. Аналарын тауып берейік. (Тақтада үй жануарлары суреттері ілінеді. Төлдерін қасына апарып қою)
Сиыр - қозы
Ешкі - бұзау
Түйе - лақ
Қой - құлын
Жылқы - бота
4 Пілдің тапсырмасы.Шығармашылық диктант.

1 Дәр...гер ауруға д...рі берді.

2.Арм...н күз...тте тұр.

3.Әбішұлы Нұрсәт тәрт...пті оқушы.



4.Бекжан дәптерл...рін таза ұста...ды.


5.. Сергіту сәті «Көңілді күн»
6.Қасқырдың тапсырмасы. «Сандарды сөйлет» ойыны. Экранда көрсетілген сандар мен құстарды, балықтарды атау. 3 сиыр, 5 түйе, 8 қой, 10 лақ, 7 бота, 4 қозы, 15 бұзау, 11құлын, 6 ешкі,8 бие,20 үйрек,9 қаз,15шортан,19 сазан. т. с. с.
7. Аюдың тапсырмасы.«Аққала құрастыру» ойыны. Берілген суреттер бойыншасөйлем құрастыру. (ауызша ).
8. Жолбарыстың тапсырмасы: Екі конверттен екі топ бір - біріне сөз жасырады. Оны қимылмен не, дыбыспен келтіру керек.(Қасқыр, қой, ит), (әтеш, аю, мысық)


V Бекіту: Балалар, жануарлар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
1. Балалар, бүгін бізге нелер қонаққа келді?
2. Аңдар қандай?
3. Сендерге сабақ ұнады ма?
VБағалау: (Әр тапсырма сайын берілген жетондар арқылы, жетондарды оқушылардың өздеріне қазақша санату арқылы бағалау.)
VI Үй тапсырмасын беру:
103 бет 5 тапсырма
VIII Қорытындылау:
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет