Тақырыбы: ҚР-ның Тіл туралы заңы
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Республикамызда жарияланған Тіл туралы заңынан мәліметі болуы;
мемлекеттік тілге байланысты баптары туралы сөйлей алуы.
сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы
4-бап
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңынан. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық
саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс
қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын
мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық
беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және
тегін меңгеруіне қажетті ұйымдастырушылық, материалдық- техникалық жағдайларды
жасауға: қазақ диаспорасына ана тілін сақтауға және дамыту үшін көмек көрсетуге
міндетті.
Сөзік жұмысы
Заң-закон
Мемлекеттік тіл-государственный язык
Заң шығару- законодательство
Сот ісін жүргізу- судопроизводства
Іс қағаздарын жүргізу –
делопроизводство
Достарыңызбен бөлісу: