1. Етістіктің шағы дегеніміз не?
2. Етістіктің шақтары мен райлары арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?
3. Етістіктің неше шағы бар?
Глоссарий
Етістіктің шағы
- сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру
ООӨЖ: жедел өткен шақтың жіктелуі
[3] 100 бет, кестемен жұмыс
ОӨЖ: [1] 408 бет, аударма жасау
Әдебиеттер
:
[3] 100 бет
[1] 408 бет
Тақырыбы: Өткен шақ. Емханада
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Оқушыларға шақ категориясы туралы түсінік беру
Сөйлеу үлгілерін мақсатты игеру
Әдеп ережелерін сақтау
Емханада.
-Сәлеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз ауырады?
-
Барлық жерім аурады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім,
өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым...
-
Тоқтаңыз, ата, асықпаңыз. Біз Сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де,
жазылып
кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?
- Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.
- Кәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен. Шешініңіз,
өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.
- Тұмау емес пе?
-
Тұмауда бар, баспа ауруы да бар. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан
алып, күніне үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға
жұма күні келіңіз.
-Басқа жерімді тексермейсің бе ?
- Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз.
Өзіңіз білесіз, денсаулық- зор байлық.
-Рахмет, қалқам. Сау бол!
-Сау болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: