Сөйлеушінің сөзі арқылы
қимылдың шындыққа қатысын,
айтушының пікірін,
көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі
рай категориясы
деп аталады.
Рай категориясы
: ашық рай,
бұйрық рай,
шартты рай,
қалау рай
Етістіктің үш шақтың бірінде қолданып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді
ашық рай
дейміз.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр.
Мақсатым тіл ұстартып,өнер шашпақ.
Бұйрық рай
қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (ІІ жақ), бөгде біреуге (ІІІ жақ)
немесе өзіне (І жақ) қаратылып, бұйыра талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді.
Мысалы :Тыңда дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба.
Достарыңызбен бөлісу: