70-есеп. Альбинизмнің рецессивті генінің жиілігі шамамен 0,01-
ге тең. Альбинизммен ауыратын адамдардың жиілігі –
q 2
=0,0001,
яғни 10 мыңнан біреуі ауырады, ал гетерозиготалардың жиілігі
2 pq- ге немесе шамамен 0,02-ге (
qa =
√ 0,0001=0,01,
рА=0,99 болса, Аа =
=2 р
q = 2 х 0,99 х 0,01 = 0,0198) тең болады. Демек, альбинизм
генінің саны гетерозиготаларда (гетерозиготалар жиілігінің жарты-
сына тең: 2 р
q /2 = 0,01) гомозиготалардағыдан (0,0001) 100 еседей
артық.
71-есеп . Алькаптонурияның жиілігі
(аа генотип) - 0,000001
(1 миллионнан 1 адам ауырады). Гетерозиготалардың жиілігі
Аа=0,002, ал ондағы рецессивті аллельдің жиілігі 0,001-ге тең бола-
239 ды. Демек гетерозиготалы күйдегі рецессивті аллельдің бөлігі гомо-
зиготалы күйіндегіден 1000 еседей артық.
Харди-Вайнберг заңы генотиптердің күтілетін (немесе
теориялық) жиілігін есептеуге мүмкіндік береді.