Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі



Pdf көрінісі
бет130/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

10.3 Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі
Харди-Вайнберг заңы популяцияның генетикалық тұрақтылық 
жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар аралығында генофонд 
өзгермейтін популяция 
мендельдік 
немесе 
панмиксиялық 
деп атала -
ды. Шын мəнінде Харди-Вайнберг формуласы тұқым қуалаушы-
лықтың мендельдік теориясы мен эволюцияның дарвиндік теория-
сының сəйкестілігін көрсетеді. Сондықтан мендельдік попу ля цияның 
генетикалық тұрақтылығы оның эволюция үдерісі нен тысқары бо-
луын сипаттайды, өйткені мұндай жағдайда табиғи сұрыпталудың
т.б. эволюциялық факторлардың популяцияға əсері болмайды. 
Осыған байланысты мендельдік популяция деген аталымның тек 
таза теориялық мəні бар. Табиғатта мұндай популяция кездеспейді, 
өйткені гендер жиілігін өзгертетін үрдістердің популяцияға əсері 
əр кезде байқалады. Басқа жағынан эволюция деген терминнің өзін 
популяция гендері жиілігінің өзгеруі деп түсіну керек. Осыған орай 
популяцияның гендер жиілігі, яғни оның генетикалық құрылымы 
əртүрлі факторлардың əсерінен өзгеруі мүмкін. Олар 
эволюцялық 


241
факторлар 
деп аталады. Эволюциялық факторлардың негізгі төрт 
түрі белгілі: 
мутациялық үдеріс, миграция, сұрыптау жəне гендер 
дрейфі.
Қайсыбір популяцияның генефонды негізінен 
А
1
 
аллелімен 
құралған да, 
А
2
 
аллелінің жиілігі шамалы ғана делік. Осы бастапқы 
гендер жиілігі жоғарыда аталған төрт эволюциялық факторлардың 
əсерінен былайша өзгеруі мүмкін. Ең алдымен, А
1
аллелі 
А
2
 
аллеліне 
бір немесе бірнеше рет мутациялануы мүмкін нəтижесінде соңғы 
аллельдің жиілігі арта түседі. Бұдан басқа жағдайда 
А
2
 
аллелі бар 
дарабастар басқа популяциядан қоныс аударуы мүмкін. Мұндай ми-
грация немесе гендер ағыны да қабылдаушы популяцияның гендер 
жиілігін күрт өзгертуі мүмкін. Популяциядағы 
А
1
 
жəне 
А
2
 
дарабастар 
өздерінің тіршілік қабілеттілігімен бір-бірінен айырмашылығы бо-
луы мүмкін. Егер 
А
2
 
аллелі бар дарабастардың өміршеңдігі 
А, 
аллелі 
бар дарабастардан артық болса, онда осы геннің жиілігі келесі 
ұрпақта арта түседі, ал 
А, 
аллелінің жиілігі болса кемиді. Бұл ара-
да біз 
табиғи сұрыпталудың
əсерін көреміз. Ол – табиғи популя-
цияның гендер жиілігін реттейтін ең басты фактор.
Гендер дрейфінің əсері шағын популяцияда байқалады. Мұнда 
A
1
жəне А
2
аллелдерінің өзгеруі кездейсоқ жүреді.
Енді негізгі эволюциялық факторларға жеке тоқталамыз.
Мутациялық үдеріс.
 
Ген мен хромосома мутациясы барлық 
генетикалық өзгергіштіктің жалғыз шығу көзі болғанымен, олар өте 
сирек өтеді. Мутация – тым баяу үдеріс, сондықтан олар өздігінен 
популяцияның генетикалық құрылымын өте аз жылдамдықпен 
өзгертеді. Мутация популяцияның эволюциялық өзгерісін қамтама-
сыз ететін жалғыз үдеріс болса, онда эволюция тым ұзақ уақытқа 
созылған болар еді.
Айтылған мəселені түсіну үшін қайсыбір локустың тек 
А
1
 
аллелі 
ғана бар дарабастардан құралған популяцияны карастырайық. 
А, 
аллелі 
А
2
 
аллеллге тұрақты жиілікпен мутацияланады делік те, оның 
жиілігін u арқылы белгілейік. 
А


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет